Ауғанстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен 255 адам қаза тауып, 150 адам жарақат алды
https://itolqyn.com/news/world-i61978
Ауғанстанның оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан 255 адам қаза тауып, 150 адам жараланды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 22, 2022 15:52 Asia/Almaty

Ауғанстанның оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан 255 адам қаза тауып, 150 адам жараланды.

Ауғанстанның Пактика облысындағы жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, бүгін сәрсенбі   таңертең Гаян қаласында болған 6 баллдық жер сілкінісі салдарынан 400-ден астам адам қаза тауып, жараланған. Жер сілкінісі Ауғанстанның басқа да бірқатар облысында да болды. Гаян  қаласындағы жергілікті ақпарат көздері жер сілкінісінен бір ауыл толығымен қирағанын хабарлады.