Амир Абдуллахиан: АҚШ-тың ниеті шынайы болса, келісім алыс емес
(last modified Wed, 29 Jun 2022 10:52:28 GMT )
Маусым 29, 2022 16:52 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі Иранның ешқандай жағдайда қызыл сызықтарынан шегінбейтінін мәлімдеп: «АҚШ-тың ниеті шынайы болса, келіссөздердің осы кезеңінде келісімге қол жеткізуге болады»,- деді.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдоллахиан сейсенбі күні кешке Ашхабадта ИИР елшілігінің қызметкерлері мен олардың отбасыларының алдында: «Біз американдықтарға егер олар қарар жолымен жүретін болса, біз де жауапсыз қалмайтынымызды ескерттік. Біз олардан санкцияларды алып тастау туралы келісімге келу және бұл туралы Венада жариялау үшін келіссөздердің саяси бағытымен жүруді талап еттік. Біз жақсы, тұрақты және күшті келісімге келуге дайынбыз.  Байден әртүрлі арналар арқылы Иранға жүйелі түрде хабарламалар жолдап, «келісімге келуге шынайы ерік-жігерім бар» деп айтқаны болмаса, іс жүзінде біз АҚШ-тағы Трамп дәуіріндегі мейіоінше қысым көрсетуге негізделген әрекеттерден басқа ештеңе көрмедік»,- деп мәлімдеді.