Путин Джонсонның сөзіне жауап берді
(last modified Fri, 01 Jul 2022 13:19:32 GMT )
Шіл 01, 2022 19:19 Asia/Almaty
  • Путин Джонсонның сөзіне жауап берді

Джонсонның «егер Путин әйел болса, Украинаға ешқашан басып кірмес еді» деген сөзіне, Путин Ұлыбританияның Аргентинадағы Фолкленд аралдарына Маргарет Тэтчер премьер-министрлігі кезінде басып кіргенін еске алды.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Путин: «Мен қазіргі тарихтағы оқиғаларды еске түсіргім келеді, нақты айтқанда Маргарет Тэтчер Фолкленд аралдарында Аргентинаға қарсы әскери операцияны бастау туралы шешім қабылдағанын. Осылайша бір әйел әскери операцияны бастауға шешім қабылдады», - деді.

Басқа жақтан  Джонсон Бавария тауларында өткен G7 саммитінде Путиннің Ресей тауларында көйлек киіп, атқа мініп түскен суретін мазақ етті. Путин бейсенбіде Джонсонның риторикасына реакция білдіріп, Батыс көшбасшыларының өзінен айырмашылығы спортпен айналыспайтындарын және тым көп ішімдік ішетінін айтты. Путин: «Батыс басшыларының көйлектерін шешуі «жиіркенішті» көрініс туғызады»,- деді.