Өзбекстандағы наразылықтар кезінде мыңдаған адам зардап шекті
Өзбекстандағы жуырда болған толқулардан мыңдаған адам зардап шекті.
Өзбекстандағы Қарақалпақ автономиялық республика ел конституциясына өзгертулер енгізу шешімге қарсы наразылық акциялардың куәсі болды. Өзбекстан конституциясына түзетулер жобасы жарияланған соң жұма күні Қарақалпақ елінде мыңдаған адам көшеге шықты. Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі: «Қарақалпақ аймағының тұрғындары конституциялық түзетулерді түсінбеу салдарынан шеруге шықты»,- деп жариялады.
Daryo.uz ақпарат сайтының хабарлауынша, жексенбі күні өзбек ресми өкілдерінің бірі Қарақалпақстан автономиялық елінің астанасындағы тәртіпсіздіктерден кейін мыңдаған адам ауруханаға түскенін хабарлады.
Өзбекстан Президенті халық талқылауына қойылған бұл конституция жобасының әлі мақұлданбағанын, ол азаматтардың тілектері, ұсыныстары мен пікірлері негізінде өзгертіліп, аяқталатынын айтты.