Өзбекстандағы тәртіпсіздіктерге шетелдіктердің рөлі мен қатысуы
(last modified Wed, 06 Jul 2022 07:19:08 GMT )
Шіл 06, 2022 13:19 Asia/Almaty
  • Өзбекстандағы тәртіпсіздіктерге шетелдіктердің рөлі мен қатысуы

Орталық Азия мен Кавказ аймақтарына ықпал ету әрекеттерінен бас тартпайтын шетелдік үкіметтер бұл жолы Өзбекстанды құрбан ету арқылы аймақтағы мақсаттарын ілгерілетудің тағы бір мүмкіндігіне ие болды.

 

Осыған байланысты өткен жұмада  Қарақалпақстан  автономиялық республикасының мыңдаған тұрғыны Өзбекстан Конституциясына өзгертулер енгізу жобасына қарсы бұрын-соңды болмаған наразылық шеруіне көшеге шығып, шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Өткен жұмада Өзбекстанның Қарақалпақ елінде өткен наразылықтарда кемінде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстан кейін Өзбекстан Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасап: «Қарақалпақстан тұрғындары Конституцияға енгізілген өзгертулерді түсінбеу салдарынан көшеде наразылық білдірді»,- деп жариялады. Ташкент үкіметі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа оқып, сайлауға дауыс беруге хабардар түрде қатыссын деп, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасын ұсынған. Өзбекстан Ішкі істер министрлігі де соңғы мәлімдемесінде кейбір наразылардың үкіметтік ғимараттарға кіріп, бұл жерлерді басып алуға әрекеттенгенін хабарлады.

Өзбекстан үкіметі дүйсенбіге (4 шілде) дейін шетелдіктердің шерушілермен байланысы туралы пікір айтпағанына  қарамастан, Қарақалпақстан автономиялық республикасындағы халық наразылықтарының тәсілінен оның шетелдіктердің рөлі мен араласуынан тыс емес екені анық. Бұған дейін биылғы жылдың қаңтар айында Өзбекстан көршілес елде шерушілер үкімет ғимараттарын басып алып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметін құлатпақ болған. Қазақстан үкіметі наразыларды тергегеннен кейін: «Кейбір шетелдік үкіметтер аймақтық елдің көмегімен Тоқаев үкіметін құлатуға және оның орнына Ислам мен Ресейге қарсы пантүрік және батысшыл үкіметті әкелгісі келді. Наразылық білдірушілердің наразылық білдіру тәсілінен өзін Орталық Азия мәселелеріне мүдделі деп санайтын аймақтық елдің көмегімен АҚШ, Англия және Израиль үкіметтері наразылық шеруіне бағыт-бағдар беріп отырғанын аңғаруға болады. Шетелдік үкіметтердің мақсаты – шерушілерді қолдау және Орталық Азияда түрлі-түсті төңкеріс жасауға тырысу, үкіметтің көмегімен Ресейге қысым көрсету.