Шамхани: Иран аймақтың геосаясатын өзгертуге әкелетін кез келген әрекетке қарсы
https://itolqyn.com/news/world-i62302-Шамхани_Иран_аймақтың_геосаясатын_өзгертуге_әкелетін_кез_келген_әрекетке_қарсы
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы ИИР-ның аймақтың геосаясатын өзгертуге әкелетін кез келген әрекетке қарсы екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 07, 2022 16:55 Asia/Almaty

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы ИИР-ның аймақтың геосаясатын өзгертуге әкелетін кез келген әрекетке қарсы екенін мәлімдеді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Әли Шамхани  Арменияға келген кезде журналистерге берген сұхбатында аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты аймақтық ынтымақтастық арқылы орнатуды қуаттап: «Иранның 13-ші үкіметі негізгі саясаты көрші елдермен және аймақпен қарым-қатынастарды кеңейту және тереңдетуге бағытталды»,- деді. Шамхани аймақ ішілік ынтымақтастық арқылы аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату талпыныстарына тоқталып, Армения мен Әзірбайжан  арасындағы келіссөздер екі елдің аумақтық тұтастығын сақтау аясында тұрақты бейбітшілікке әкелетініне сенім білдірді.