Синдзо Абэге террор жасалды
(last modified Fri, 08 Jul 2022 08:21:38 GMT )
Шіл 08, 2022 14:21 Asia/Almaty

Жапонияның бұрынғы премьер-министріне Нарадағы салтанатты шара кезінде оқ атылды.

 

Жапон мемлекеттік телеарнасы: «Оқ тиіп, ауруханаға жеткізілген Жапонияның бұрынғы премьер-министрінің өмірлік белгілері жоқ сияқты.  Синдзо Абэ  бүгін таңертең Жапонияның батысындағы Нара қаласында сөз сөйлеп жатқан жерінде нысанаға алынды»,- деп хабарлады. Бұған дейін Токионың бұрынғы губернаторы  Синдзо Абэнің ауруханаға жеткізілгеннен кейін жүрек-өкпесі тоқтап қалғанын айтқан. Атқан адам қамауға алынды. Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, оқ атқан адамның Жапония әскери-теңіз күштерінің 41 жастағы бұрынғы қызметкері. Абэ екі мерзім бойы Жапонияның премьер-министрі болды.Ол 2020 жылы сырқатына байланысты отставкаға кетті. Бірақ ол әлі де Жапонияның билеуші ​​​​Либералдық-демократиялық партиясының негізгі тұлғаларының бірі болып саналды.