Ресейліктер Қытай юанін сатып алуға асығуда
https://itolqyn.com/news/world-i62332-Ресейліктер_Қытай_юанін_сатып_алуға_асығуда
«Ресейліктер активтерін әртараптандыру үшін доллар мен еуроның орнына қытай юанін сатып алуға ағылып жатыр»,- деп хабарлады Ресейдің «Открытие» банкі.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 08, 2022 17:47 Asia/Almaty
  • Ресейліктер Қытай юанін сатып алуға асығуда

«Ресейліктер активтерін әртараптандыру үшін доллар мен еуроның орнына қытай юанін сатып алуға ағылып жатыр»,- деп хабарлады Ресейдің «Открытие» банкі.

Ресейдің Қаржы министрлігі дос елдердің валютасын пайдалану арқылы валюталық интервенция саясатын қайта қарауды көздеп отыр.

«Открытие» банкі 20 мамырдан Орталық банк батыстық санкциялардың қаржы секторына әсерін азайту мақсатында валюта сатып алуға шектеу қойғаннан бері қытай юаніне сұраныс сегіз есе өскенін хабарлады. Бұл банкінің Қаржы нарығы департаменті басшысының орынбасары Алия Зубкова: «Қытай юані соңғы жылдары салыстырмалы түрде төмен тұрақтылық пен құбылмалылықты көрсетті және форекс жинақтарын әртараптандырудың негізгі құралы бола алады»,- деді.