Тәжікстанның Қазақстанға экспорты 50 пайыздан астамға артты
(last modified Wed, 13 Jul 2022 11:54:47 GMT )
Шіл 13, 2022 17:54 Asia/Almaty
  • Тәжікстанның Қазақстанға экспорты 50 пайыздан астамға артты

Ағымдағы жылдың жарты жылында Тәжікстан Қазақстанға 245,1 миллион доллар көлемінде өнім экспорттап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,3 пайызға өсті.

 

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Тәжікстан Кеден басқармасының хабарлауы бойынша, бұл ел Қазақстанға 216,8 миллион долларлық руда, мыс, қорғасын және мырыш концентраттарын экспорттаған. Қаңтар-маусым айларында Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі 642,2 миллион долларға жетті, бұл 14,5 пайызға өскенін көрсетеді.  2022 жылдың соңына қарай екіжақты тауар айналымының көлемі 1 миллиард доллардан асады.