Батыстың Ресеймен бетпе-бет келуі жалғасуда; алтын экспортына санкция салынады
(last modified Sat, 16 Jul 2022 13:36:53 GMT )
Шіл 16, 2022 19:36 Asia/Almaty
  •  Батыстың Ресеймен бетпе-бет келуі жалғасуда; алтын экспортына санкция салынады

Ресей-Украина соғысының ортасында Батыс елдері әлі де жаңа санкциялар пакеттерін қолдану сияқты түрлі жолдармен Ресейге қысым көрсетуге тырысуда. Осыған байланысты Еуроодақ: «Ресейден алтын экспорттау Еуропалық Одақ санкцияларының жаңа пакетіне кіреді»,- деп жариялады.

 

Ресей-Украина соғысы басталғалы бері Батыс елдері АҚШ-пен бірігіп, Украинаны қолдауға кірісті.   Осыған байланысты, санкциялар, сондай-ақ әскери және қару-жарақ қолдауы және қыруар қаржы бөлу сияқты әртүрлі тәсілдермен саяси және экономикалық қысым көрсетуді күн тәртібіне қойды. Еуроодақ осы уақытқа дейін Мәскеуге қарсы 6 санкция пакетін мақұлдады. Соңғысы – мүше мемлекеттердің 2022 жылдың соңына қарай Ресейден мұнай импортын 90 пайызға тоқтатуы. Еуропалық Одақ Ресейге қарсы әрекеті экономикалық дағдарысты, жанармай тапшылығын және Еуропа елдеріндегі инфляцияны күшейткен кезде Ресей алтынына эмбарго жариялады. Ресей газының Еуропаға экспортының қысқаруы Жасыл құрлық билігін алдағы қыста отынмен қамтамасыз ету мәселесіне қатты алаңдатты.  Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан  Еуроодақтың Мәскеуге қарсы санкцияларын қателік деп тауып, Еуропалық Одақты санкциялардың күшін жоюға шақырып: «Еуроодақ Украинадағы соғыс басталғаннан бері Ресейге қарсы бірнеше ауыр санкциялар пакетін енгізді. Бұл санкциялар еуропалық елдерге, соның ішінде энергетикалық секторға айтарлықтай әсер етті. Шын мәнінде, Еуропаның Ресейге қарсы санкциялары  Еуроодақтың өзіне қарсы атуымен  бірдей»,- деді.

Еуропаның санкциялық саясатының сәтсіздігі қазір бұрынғыдан да айқын.  Еуропа елдерінің өзі қазір қиын экономикалық жағдайда. Тіпті АҚШ пен оның одақтастарының әрекетіне қарамастан Ресейдің кірісі өсті. Халықаралық энергетика агенттігі (IEA) соңғы есебінде энергия бағасының өсуіне байланысты шетелге аз жеткізілім жіберілгенімен, Ресейдің маусым айында мұнай экспорты 20 миллиард доллардан асқанын хабарлады. Дегенмен, соңғы қадамда Еуропа Мәскеуге қарсы тағы бір санкциялар пакетін бекітіп, бұл жолы санкциялар тізіміне алтынды қоспақшы. Ресей дүниежүзіндегі алтынның 8,5 пайызын өндіреді және Қытай мен Австралиядан кейін әлемдегі үшінші алтын өндіруші болып табылады. 2021 жылы Ресейдің алтын экспорты 15 миллиард долларға бағаланды. Бұған дейін АҚШ, Жапония және Канада ресейлік алтынды импорттауға тыйым салған болатын,  енді Еуропа билігі санкция салушыларға   қосылуға тырысуда. Еуропалық басшылардың мәлімдеуінше, бұл тыйымның мақсаты - Мәскеуге қарсы бұрынғы санкцияларды айналып өту үшін пайдаланатын жолдарды жабу. Еуропалық Одақ комиссиясының вице-президенті Марош Сефчович осы салада: «Одақ Ресейге қарсы санкцияларды күшейту арқылы Украинадағы соғысты тезірек тоқтатуға көмектескісі келеді»,- деді.

Ресей алтынына санкция салу мәселесін Мәскеуге көбірек қысым жасау үшін алғаш рет АҚШ президенті Джо Байден көтерді. Бірақ кейбір еуропалық елдердің құптауына қарамастан, оны мақұлдау үшін ЕО-ның барлық мүше-мемлекеттері бұл жоспарға келісуі керек. Германия Канцлері Олаф Шульц: «АҚШ-тың Еуроодаққа Ресейден алтын импорттауға тыйым салу ұсынысы Одақ аясында талқылануы керек»,- деп мәлімдеді. Алдағы күндері Ресейдің алтынға эмбаргосын Еурокомиссия талқылайды. Қазіргі жағдайда ресейлік алтынға тыйым салу символдық шара сияқты көрінеді, өйткені Батыс елдерінің санкциялары еуропалық және американдық нарықтарды ресейлік алтынға іс жүзінде жапты. Ресейдің мұнай-газына қарсы санкциялары салдарынан туындаған жағдайға ұқсас, Ресей алтыны экспортына тыйым салу санкция енгізушілердің  өзіне керісінше әсер етуі мүмкін.