Теһран саммиті: Аймақтық мәселелерде дипломатияны қолдану қуатталды
https://itolqyn.com/news/world-i62622-Теһран_саммиті_Аймақтық_мәселелерде_дипломатияны_қолдану_қуатталды
«Астана процесі» саммитінің жетінші кезеңі сейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путин, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және Иран Президенті Ибрахим Раисидің қатысуымен Теһранда өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 21, 2022 20:58 Asia/Almaty
  • Теһран саммиті: Аймақтық мәселелерде дипломатияны қолдану қуатталды

«Астана процесі» саммитінің жетінші кезеңі сейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путин, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және Иран Президенті Ибрахим Раисидің қатысуымен Теһранда өтті.

 

«Астана процесі» деп аталатын саммит Ресей мен Иранның Сирияға қатысты бастамасы және Түркияның қолдауымен өтті. Теһран саммитінен бұрын үш елдің өкілдері Сирия өкілдерімен және осы елдің үкіметінің қарсыластарымен бірге келіссөз  18 рет, сондай-ақ үш елдің президенттері 6 рет келіссөздерге жиналды.  Осы күнге бұл келіссөздердің нәтижесі Сирияда деэскалация аймақтарын құру, бірқатар сириялық босқындарды елге қайтару және қақтығыс аймақтарының тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуге жағдай тудырды.

«Астана процесіне» кепілгер елдер басшыларының  жетінші саммиті Теһранда өтті,  соңғы басқосу екі жыл бұрын өткен болатын. Жетінші саммит Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы жаңа шабуыл жасау туралы қорқытқан және бұл мәселеге Иран мен Ресей қарсылық білдірген   жағдайда өтті. Иран бұған дейін Түркияның Сириядағы әскери операциясы туралы ескертіп, мұндай әрекеттің «аймақтағы тұрақсыздыққа әкелетінін» айтқан.

Саммиттің қорытынды мәлімдемесінде Иран, Ресей және Түркия  Сирияның егемендігін құрметтеу мен сақтау жұмыстарды үйлестіруді арттыру қуатталды. Сонымен бірге үш ел басшылары Теһран кездесуіндегі қорытынды мәлімдемесінде сириялық босқындардың елге оралуына көмектесу, лаңкестікпен күресті жалғастыру, заңсыз автономияға қарсы тұру және Сирия ресурстарын тонаудың алдын алуға баса назар аудартты. Үш жақты Теһран саммиті Сирия дағдарысы тақырыбымен «Астана процесінің» жалғасы ретінде ұйымдастырылғанымен, Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның Теһранға сапары тек Сирия мәселесімен шектелмеді. Бұл кездесулер Байденнің сапарын маңызды емес көрсетіп, оны шетте қалдырды. Теһран кездесулерінің маңыздылығының тағы бір себебі, ИИР-ның осы кездесулер арқылы аймақ елдеріне  ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу  жолдауын жеткізуі болды.