Раиси: АҚХА-да Иранға қарсы қабылданған қарар – дағдарыс тудыратын әрекет
https://itolqyn.com/news/world-i62696
Иран Президенті: «АҚХА-да Иранға қарсы қабылданған қарар Иран халқына қысым жасауды көздеген және дағдарыс тудыратын әрекет»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 24, 2022 17:33 Asia/Almaty
  • Раиси: АҚХА-да Иранға қарсы қабылданған қарар – дағдарыс тудыратын әрекет

Иран Президенті: «АҚХА-да Иранға қарсы қабылданған қарар Иран халқына қысым жасауды көздеген және дағдарыс тудыратын әрекет»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сенбі күні Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатында АҚШ пен Еуропа елдерінің Иранға қарсы сындарсыз ұстанымдары мен шараларын айыптап: «АҚХА-да Иранға қарсы қабылданған қарар саяси сенімге соққы болды»,-деді.

Раиси елдер арасындағы қайшылықтарды шешуде соғыс тиімсіз екенін, қауіпсіздік саласында сенім тудыру керегін айтып: «ИИР Украина соғысын аяқтауға және қайшылықты мәселелерді саяси диалог арқылы шешуге көмектесуге дайын»,-деді.

Эммануэль Макрон да Иранның аймақта саяси үдерістерді нәтижеге жеткізу жолында маңызды рөл ойнап жатқанына тоқталып: «Франция үкіметі Иранның аймақтағы кейбір елдердің Сирияға қарсы әскери амалдарына қарсы ұстанымын қолдайды»,-деді.