Амир Абдуллахиан: Сионистердің аймақтағы әрекеттері тұрақсыздық пен тынышсыздық тудырады
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан сейсенбі күні БАӘ Сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид Але Нахианмен телефон арқылы сұхбатында: «Сионистердің аймақтағы әрекеттері тұрақсыздық пен тынышсыздықтың туындауына себеп болып отыр»,-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы телефон арқылы сұхбатта Құдсты басып алған режимнің аймақта болуын тұрақсыздық пен тынышсыздықтың себебі деп атап: «Сионистік режим жуырда Джиддада өткен отырысты аймақтық дағдарысқа айналдыруға тырысты, бірақ аймақ елдерінің көрегендігінің арқасында өңірлік ынтымақтастық тақырыптары, даму мен қауіпсіздікті сақтау мәселелері талқыланды»,-деді.
БАӘ Сыртқы істер министрі осы телефон арқылы сұхбатта екі елдің техникалық қарым-қатынасты дамытудағы мүдделеріне тоқталып, бауырлас екі халықтың ынтасы мен жоғары лауазымды басшылардың ерік-жігерін ескеріп, екі көршілес елдің байланысын дамытып, саяси өкілдіктердің деңгейін жоғарылату керегін айтты.