Амир Абдуллахиан: Иранның жақсы, мықты әрі тұрақты келісімге жетуді қалайтынында шәк жоқ
Иран Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельмен телефон арқылы сұхбатында Иранның жақсы, мықты әрі тұрақты келісімге жетуді қалайтынында шәк жоқ екенін айтып: «Егер АҚШ келісімге жету жолында реалистік тұрғыдан қадам жасаса, жақсы келісімге қол жеткізуге болады»,-деді.
Амир Абдуллахиан осы телефон арқылы сұхбатта Жозеп Боррель мен оның орынбасары Энрике Мораның талпыныстарына алғыс айтып: «ИИР-ның жақсы, мықты әрі тұрақты келісімге жетуді қалайтынында шәк жоқ»,-деді.
Абдуллахиан: «Егер АҚШ қайшылықты мәселелерді шешіп, келісімге жету жолында реалистік тұрғыдан қадам жасаса, барлық тараптарға тиімді жақсы келісімге қол жеткізуге болады»,-деді.
Жозеп Боррель де осы сұхбатта: «Ирандық тарап келіссөздер үдерісінде осы күнге дейін оңды әрі байсалды қатынас көрсетті. Енді келіссөздерден тиісті нәтиже шығаратын кез келді»,-деді.