Иран Энергетика министрлігінің делегациясы су мәселесін шешу үшін Ауғанстанға аттанады
(last modified Fri, 29 Jul 2022 07:45:25 GMT )
Шіл 29, 2022 13:45 Asia/Almaty
  • Иран Энергетика министрлігінің делегациясы су мәселесін шешу үшін Ауғанстанға аттанады

ИИР Сыртқы істер министрі: «Жуырда Иран Энергетика министрлігінің жоғары мәртебелі делегациясы Ауғанстан басшыларымен су мәселесін қарастырып, қиыншылықтарды шешу үшін осы елге аттанады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президенті су мәселесін шешуге бұйрық бергеннен кейін Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің жетекшісі Мулла Моттакимен телефон арқылы сұхбаттасып, жуырда жауын-шашын болып, Гильменд өзені арнасымен су аққанына тоқталып, Иранды сумен қамтамасыз етуде жасанды кедергілер болмайтынына үміт білдірді.

Амир Абдуллахиан: «Егер Иранның Гильмендтен су алу мәселесі жылдам әрі байсалды түрде шешілмесе, бұл екі елдің басқа салалардағы әріптестігіне теріс әсер етеді»,-деді.     

Мулла Моттаки да осы телефон арқылы сұхбатта Иран делегациясын қарсы алатынын айтып: «Біз Иранды сумен қамтамасыз етуге қатысты міндеттемемізге берікпіз»,-деді.