Шіл 30, 2022 16:58 Asia/Almaty
  • Теһран-Бейжің өзара стратегиялық экономикалық ынтымақтастықты дамытуды қалайды

Иран мен Қытай басшылары бір сағат телефон арқылы сұхбаттасып, аймақтық жəне халықаралық өзгерістерді талқылап, екіжақты əріптестікті одан əрі нығайту керегін баса айтты.

Ибрахим Раиси жұма күні Қытай Президенті Си Цзиньпинмен телефон арқылы сұхбаттасып, АҚШ-тың Қытайдың ішкі ісіне араласуын біржақты бүлдіргі саясатты жалғастыру деп атап, қазір мұның əлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіріп отырғанын айтты.

Иран Президенті елдердің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарауды елдің сыртқы саясатындағы түбегейлі принциптердің бірі деп атап, осы аяда біртұтас Қытай саясатын қолдауды Иранның кесімді ұстанымы деп мəлімдеді.

Қытай Президенті Раисимен сұхбатында Иран мен Қытайдың халықаралық сахнадағы əріптестігіне жəне екі елдің аймақтық жəне халықаралық мəселелерде бір-бірінің ұстанымдарын қолдайтынына алғыс айтты.

Тегтер