Иран «Біртұтас Қытай» принципін қолдайды
Там 04, 2022 14:01 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Иранның «Біртұтас Қытай» принципін қолдайтынын мәлімдеп, АҚШ-тың арандатушы әрекеттерін халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатер деп атады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Твиттердегі жеке парақшасында қытай тілінде елдердің аумақтық тұтастығына құрметпен қарауды халықаралық құқықта танылған негіздердің бірі екенін айтып, осы аяда ИИР-ның «біртұтас Қытай» принципін қолдайтынында күмән жоқ екенін мәлімдеді.
Амир Абдуллахиан: «АҚШ-тың арандатушы әрекеттері халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатерлі қоқан-лоққыға айналды»,-деп еске салды.
Тегтер