Шығыс Азияда текетірес артты
Тайванның айналасында Қытайдың әскери жаттығуы жалғасып, 22 қытай қырғи ұшағы Тайван бұғазынан өтіп, осы аралдың әуе кеңістігіне кірді.
Сәрсенбі күні АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелоси Тайваннан кеткеннен кейін Қытайдың 49 қырғи ұшағы Тайванның әуе кеңістігіне кірді.
Сонымен қатар Қытай бірнеше зымыран атты. Оның бесеуі Жапония суларына түсті.
Қытайдың басшылары Тайван маңындағы ең ірі әскери жаттығу деп атаған іс-қимыл кеше, бейсенбі күні АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы төрайымының сапарына реакция ретінде басталып, жексенбі күнге дейін созылады.
Қытай СІМ-нің ақпарат өкілі осы елдің әскери жаттығуын заңды әрі қажетті іс деп атап: "Әлем америкалық басшыларды қатерлі әрі арандатушы әрекеттерден бас тарттыру керек",-деді.