Иранның келісімгерлер тобы Энрике Морамен кездесті
(last modified Sat, 06 Aug 2022 09:54:24 GMT )
Там 06, 2022 15:54 Asia/Almaty

Иранның келісімгерлер тобының аға мүшесі Әли Бағери Кани жұма күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жауапты үйлестірушісі Энрике Морамен кездесіп, сөйлесті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ирандық дипломаттар: «Келісімнің тұрақты болуы тепе-теңдік сақтауда және сенімге сенім артуда жатыр»,-деді.

Ирандық дипломаттардың айтуынша, ядролық қауіпсіздік мәселелері саяси қысымнан туындап, саяси қысыммен жалғасын тапты. Олар саяси болмысқа ие, сондықтан болашақта Иранға қарсы пайдаланатын құралға айналмауы керек.

Ирандық дипломаттар Венадағы келіссөздердің ауаны туралы: «Қазір шешуші сағаттар өтіп жатыр. Олар тез арада ирандық тараптың сенімін табуға талпыныс жасауы керек»,-деді.