Ульянов: Вена келіссөздері үдерісіне оң көзқараспен қараймыз
Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы өкілі: "Иранға қарсы санкцияларды жоюға арналған келіссөздер үдерісіне оң көзқараспен қараймыз",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Михаил Ульянов жексенбі күні Al-Mayadeen ақпарат арнасына берген сұхбатында: "Келіссөздер үдерісіне оң көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңда қорытынды келіссөз жағдайында тұрмыз",-деді.
Ульянов: "Келіссөз ұзаққа созылады деп ойламаймын. Өз астаналарымызда шешім қабылдайтын кез жетті",-деді.
Ульянов жексенбі күні Еуроодақтың сыртқы саясат басшысының орынбасары әрі Вена келіссөздерінің үйлестірушісі Энрике Морамен кездесуінен кейін Твиттердегі жеке парақшасында: "Венада Иранға қарсы санкцияларды жоюға арналған келіссөздер ілгерілеу үстінде",-деді.