Путин: Ресейдің одақтастары үстемшілдікке қарсы күресті жалғастырады
https://itolqyn.com/news/world-i63278-Путин_Ресейдің_одақтастары_үстемшілдікке_қарсы_күресті_жалғастырады
Ресей Президенті: "Әлемнің түрлі құрлықтарында Ресейді қолдайтындар көп. Олар үстемшілдерге бас имейді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 16, 2022 17:03 Asia/Almaty

Ресей Президенті: "Әлемнің түрлі құрлықтарында Ресейді қолдайтындар көп. Олар үстемшілдерге бас имейді",-деді.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин сейсенбі күні Мәскеудің "Патриот" саябағында "Армия-2022" халықаралық әскери өнеркәсіп көрмесінің ашылу рәсімінде: "Әлемнің түрлі құрлықтарында Ресейді қолдайтын елдердің көбіне қуаныштымыз. Олардың ұстанымы бізбен бірдей. Бұл елдердің басшылары берілмейтін тұлға екендерін көрсетті",-деді.

Путин: "Бұл елдер даму үшін тәуелсіздік пен егемендік жолын таңдады. Олар әлемдік және аймақтық қауіпсіздік мәселелерінің ұжымдық шешіммен, халықаралық заң негізінде, өзара жауапкершілік ала отырып және бір-бірінің мүдделерін назарға ала отырып шешілгенін қалайды",-деді.