Канани: Батыс елдері шындықтан жалтарғанның орнына Палестина халқының құқығын қолдасын
(last modified Thu, 18 Aug 2022 11:32:47 GMT )
Там 18, 2022 17:32 Asia/Almaty
  • Канани: Батыс елдері шындықтан жалтарғанның орнына Палестина халқының құқығын қолдасын

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы бейсенбі күні таңертең Твиттердегі жеке парақшасында сионистік режимнің Палестина жерінде қылмыстары көбейіп бара жатқанына тоқталып, Батыс елдерінен шындықтан жалтарғанның орнына Палестина халқының құқығын қолдауды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Твиттерде: "Адам құқығын қорғаушы көптеген халықаралық ұйымдардың ресми есептері мен деректері бойынша сионистік режим – апартеид режим. Ол адамзатқа қарсы қылмыстар, соғыс қылмыстары және геноцид жасап, қолы қанға былғанған",-деп жазды.

Сионистік режимнің кезекті қылмысында осы режим әскерилері сәрсенбі күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблусқа шабуыл жасап, бір палестиналықты шәһид етіп, 17 адамды жаралады.