Иран келісімгерлері тобының кеңесшісі: АҚШ Иранды шынайы сендіруі керек
Там 18, 2022 20:38 Asia/Almaty
Иран келісімгерлері тобының кеңесшісі АҚШ үкіметінің Иранға қатысты саясатын сынады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Маранди: "ИИР Вена келіссөздеріндегі келешек келісімге риза болуы және оның толық орындалатынына сенімді болуы үшін АҚШ шынайы әрекет етуі керек",-деді.
Маранди соңғы жеті-сегіз айда ядролық келіссөздерде көптеген жетістікке қол жеткенін айтып: "Иран АҚШ және Еуропамен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты өте күрделі әрі даулы кезеңдерді бастан өткергендіктен, олар ирандықтардың сеніміне ие болу керегін түсінгендері дұрыс. АҚШ ешқандай құн төлеместен тарихты қайта қайталай алмайды",-деді.
Тегтер