Там 18, 2022 21:18 Asia/Almaty
  • Иран мен Орта Азиядағы үш ел арасында халықаралық дәліз туралы келісімге қол қойылды

Авазада өткен Иран арқылы Орта Азия елдерін мұхитпен байланыстыратын дәліз қалыптастыруға қатысып жатқан елдердің үйлестіруші кеңесінің екінші отырысында Иран, Түрікменстан, Өзбекстан мен Қазақстан өкілдері "Ашхабад келісімі" деп аталатын халықаралық тасымал және транзит дәлізін құру келісімі мен қосымша протоколға қол қойды.

Түрікменстанда халықаралық тасымал және транзит дәлізін құру туралы төртжақты келісімге қол қойылды. Өткен айда Ашхабадта осы мәселеге қатысты форум өтіп, оған қатысушылар осы бағыт туралы өздерінің көзқарастарын білдірген болатын.  

"Халықаралық тасымал және транзит дәліздері: байланыс және даму" атты форум биылғы 18-19 шілдеде аймақ елдері, соның ішінде ИИР-дың қатысуымен Түрікменстанда өтті. Осы форум аясында Түрікменстан, Өзбекстан, Иран, Катар мен Оман үкіметтері арасында тасымал дәлізін құру мақсатында жұмыс комитетінің жиналысы өтеді деп келісілді.

Бұған дейін де осы дәлізге мүше елдер маңызды тақырыптар, соның ішінде тасымал және коммуникацияны дамыту саласында ғылыми-ағарту органдарының рөлі, өнеркәсіпті цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты тасымалды қамтамасыз ету мәселелерін талқылаған болатын.

Осындай кіріспеден кейін аймақтағы жағдайды ескере отырып, "Ашхабад келісімі" деп аталатын халықаралық тасымал және транзит дәлізін құру келісіміне қол қою осы дәлізге қосылған үш ортаазиялық ел үшін аса маңызды деп айтуға болады.

Өйткені ұзақ жылдардан кейін алғаш рет бұл елдер ең қысқа, ең үнемді әрі ең сенімді бағыт арқылы халықаралық суларға шыға алады. Шын мәнінде Орта Азия елдері ең қысқа мерзімде Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы елдерге жетуге мүмкіндік алып отыр.

Басқа сөзбен айтқанда, Иранның бастамасы және Орта Азия елдерінің әріптестігі арқасында мұхитқа шыға алмайтын елдер ешқандай делдалсыз, аймақта бар ең қысқа, ең сенімді, ең тиімді бағыт арқылы Азия құрлығындағы өндіру және тұтыну нарықтарына шығуға қолайлы мүмкіндікке ие болды.

Тегтер