Иран АҚШ армиясының Сирия халқына шабуылын айыптады
(last modified Wed, 24 Aug 2022 16:55:40 GMT )
Там 24, 2022 22:55 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ армиясының Сирия халқына шабуылын айыптады

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ армиясының Сирия халқы мен инфрақұрылымына шабуылын осы елдің егемендігі, тəуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын бұзу деп атап, оны қатаң айыптады.

Бүгін, сəрсенбі күні АҚШ орталық басқарма штабы (CENTCOM) мəлімдеме жасап: "АҚШ Президенті Джо Байденнің бақылауымен жүзеге асырылған əуе амалында Сирияның шығысындағы Дейр-оз-Зорда орналасқан аудандар нысанаға алынды",-деп мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Чафи АҚШ армиясының Сирия халқына жаңа шабуылын басқыншылыққа қарсы күрескерлер мен халықтық топтарға қарсы лаңкестік əрекет деп сипаттады.

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы сондай-ақ лаңкестікке қарсы күресу уəжін басқыншылықты жалғастыруға сылтау деп атап: "АҚШ басшыларының ДАИШ-ты құрғанын мойындауы аймақ халықтарының жадынан шыға қойған жоқ",-деді.

Тегтер