Иран Танзаниямен қарым-қатынасты дамытуды қалайды
https://itolqyn.com/news/world-i63464
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан бейсенбі күні таңертең Танзанияда: "Осы елмен әртүрлі салаларда екіжақты қатынасты дамыту туралы жол картасын жасайтын болдық. Соның негізінде өзара қарым-қатынасқа қарқын беріледі",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 25, 2022 15:05 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан бейсенбі күні таңертең Танзанияда: "Осы елмен әртүрлі салаларда екіжақты қатынасты дамыту туралы жол картасын жасайтын болдық. Соның негізінде өзара қарым-қатынасқа қарқын беріледі",-деді.

Амир Абдуллахиан Дар-эс-Салам әуежайында тілшілерге берген сұхбатында: "Танзания Президентімен кездесуде ИИР Президенті Ибрахим Раисидің өз әріптесін Иранға ресми шақыруын жариялайтын боламын",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі осы сапарда Иранның мемлекеттік секторы және сауда-өнеркәсіп өкілдерінің де келгенін айтып: "Осы өкілдердің қатысуымен Дар-эс-Саламда маңызды отырыс өтеді",-деді.

Амир Абдуллахиан Занзибарға сапарына тоқталып: "Осы елде де іскерлік форумы өткізіліп, ресми кездесулер болады",-деді.