Базрпаш пәкістандық әріптесіне ортақ аудит туралы ұсыныс жасады
(last modified Fri, 26 Aug 2022 10:32:31 GMT )
Там 26, 2022 16:32 Asia/Almaty
  • Базрпаш пәкістандық әріптесіне ортақ аудит туралы ұсыныс жасады

Иран Есеп комитетінің басшысы Қазақстанда өтіп жатқан ЭЫҰ-ға мүше елдердің есеп комитеттері ассоциациясының тоғызыншы жиналысы аясында екіжақты кездесулерді жалғастырып, Пәкістан Есеп комитетінің басшысы Мұхаммед Аджмал Гондалмен сұхбаттасты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мехрдад Базрпаш Иран мен Пәкістан есеп комитеттері арасындағы түрлі тақырыптарға тоқталып, инвестиция мен бейбіт құбыр желісінің жұмысына кепілдікті арттыру үшін шекаралық қауіпсіздік сияқты салаларда ортақ аудит жүргізуді ұсынды.   

Иран Есеп комитетінің басшысы Иран, Пәкістан мен Түркияның бастамасымен ЭЫҰ құрылғанын айтып, осы ұйымға мүше елдердің есеп комитеттері ассоциациясының белсендігін арттыру керегін айтып, Ислам елдерінің есеп комитеттерінің ұйымын құру туралы ұсыныс жасап, Пәкістанды биыл осы ұйымды құруға көмектесуге шақырды.

Пәкістан Есеп комитетінің басшысы да осы кездесуде Ислам елдерінің есеп комитеттерінің ұйымын құру туралы ұсынысты толық қолдайтынын айтып, екіжақты жобаларға ортақ аудит жүргізу туралы идеямен келісетінін мәлімдеп, екі елдің шекаралық аудандарда сұйық отын контрабандасына қарсы күрес саласында әріптестік жасауын сұрап: "Иран мен Пәкістан есеп комитеттері шекараға дуал салуға жұмсалған қаражаттың сол маңдағы халықтың тұрмысына қаншалықты әсер еткенін есептеуі керек",-деді.