Қытай АҚШ сенаторының Тайваньға сапарын сынады
Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Теннесси штатынан республикашыл сенатор Марша Блэкберннің Тайваньға сапарына өкініш білдіре отырып, бұл сапарды қатаң айыптады.
Ол соңғы айда Тайваньға сапар шеккен төртінші америкалық саясаткер. АҚШ Өкілдер палатасы мен АҚШ Сенатының демократиялық және республикашыл өкілдерінің, оның ішінде Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары АҚШ-тағы билеуші жүйенің Тайвань арқылы Қытайға қысым көрсету саясатын байыпты түрде жүргізіп жатқанын және республикашылдардың қарашада өтетін сайлаудың қарсанында Тайваньға өз өкілдерін жіберу арқылы демократиялық бәсекелесінен артта қалғысы келмейтінін көрсетеді. Өйткені Вашингтонның Бейжіңге қысымы Дональд Трамп президент болғаннан бері күшейді. Енді республикашылдар демократтардың сайлау керуенін басып озу үшін бұл үдерісті байыпты түрде жалғастыруға тырысуда. Тед Гален Карпентер, Cato сараптама орталығының мүшесі бұл туралы: «АҚШ-тың Тайваньның тәуелсіздігін қолдаудағы амбициялары соғыспен аяқталуы мүмкін. Қытайдың шенеуніктері мен өкілдерінің Тайваньға сапары туралы ескертулерін елемеу арқылы АҚШ шын мәнінде отпен ойнап отыр»,- деді.
Қазіргі уақытта АҚШ өз өкілдерін Тайваньға жіберуді Қытайға қысым жасаудың ең арзан әдісі деп санайды. Ол Тайваньға басқа елдердің ресми тұлғалары мен өкілдерінің сапарына қолайлы жағдай жасауы керек. Жақында Жапония мен Канада да осындай тілек білдірді. Екіншіден, Тайваньға дипломатиялық және халықаралық сапарларды қалыпқа келтіру арқылы бұл арал ел ретінде болашақта Тайвань тәуелсіздігін талап етушілер оның тәуелсіздігін жариялай алатынын көрсетуі керек. Осы фактілерді түсіне отырып, Қытай да Тайваньды өз отанынан ажыратуды мақсат ететін АҚШ-тың кез келген жоспарына қарсы тұруға бел буды. Осыған байланысты Қытай мәселелері бойынша сарапшы Али Омиди: «Тайвандықтар қытайлық болғанымен, олардың басшылары АҚШ-пен ынтымақтасуды көздеуде. Осы себепті Тайваньның тәуелсіздігін жақтаушылар да Қытайға қарсы күштерін көрсету үшін Американың авантюриялық мүмкіндіктерін пайдалануда»,- деді.
Қалай болғанда да, АҚШ өкілдерінің Тайваньға кезекті сапарына наразылық білдіру арқылы Қытай Вашингтонның аумақтық және шекаралық мәселелерде Қытайдың қызыл сызығын елемеуіне жол бермейтінін көрсетеді. Сонымен бірге Қытай Америкаға Тайваньның Украина сияқты емес екенін және Бейжің үкіметі шыдамдылық таныта отырып, АҚШ-тың Тайвань істеріндегі араласуларына да тойтарыс бере алатынын жариялауда. Трамп дәуірінде басталған сауда соғысындағыдай, Бейжің Вашингтонды кері ығыстырып, АҚШ-қа тосқауыл қоя алды.