Иран Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Sun, 28 Aug 2022 14:50:25 GMT )
Там 28, 2022 20:50 Asia/Almaty
  • Иран Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Президенті өз елінің бауырлас əрі көршілес Пәкістанда су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмектесуге дайын екенін мəлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сұхбатында Пәкістан үкіметі мен халқына селден қаза тапқандарға байланысты көңіл айтып, екі елдің достық-бауырластық қатынасының жалғасатынын баса айтты.

Иран Президенті тиісті органдарға Пәкістан халқына қажетті бастапқы көмек заттарын дайындауға бұйрық берілгенін айтып, Иранның Пәкістан халқына кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мəлімдеді.

Шахбаз Шариф: "Иран Пәкістан үшін əрдайым қиын күндерде қолдайтын дос ел болып отыр",-деді.