"Ұшқышсыз ұшақ-2022" атты әскери жарысында Иран мен Ресей жеңімпаз атанды
https://itolqyn.com/news/world-i63542-Ұшқышсыз_ұшақ_2022_атты_әскери_жарысында_Иран_мен_Ресей_жеңімпаз_атанды
Әлем армияларының "Ұшқышсыз ұшақ-2022" атты халықаралық әскери жарысында Иран мен Ресей бірге бірінші орын алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 28, 2022 21:31 Asia/Almaty

Әлем армияларының "Ұшқышсыз ұшақ-2022" атты халықаралық әскери жарысында Иран мен Ресей бірге бірінші орын алды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлем армияларының "Ұшқышсыз ұшақ-2022" атты халықаралық әскери жарысының баспасөз өкілі бригада генералы Әли Балали: "Осы жарыста Беларусь екінші, Армения үшінші орын алды",-деді.

Сардар Балали үздіктерді анықтау туралы: "Бұл жарыста үздік ұшқыш Иран командасынан, үздік техникалық қызметкер Ресей командасынан, үздік спортшы Ресей командасынан, үздік мерген Армения командасынан таңдалды",-деді.