АҚХА: Иран Натанзда уран байытуды бастады
(last modified Tue, 30 Aug 2022 13:00:46 GMT )
Там 30, 2022 19:00 Asia/Almaty
  • 
АҚХА: Иран Натанзда уран байытуды бастады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) өзінің соңғы есебінде Иранның жақында Натанз алаңында орнатылған IR-6 жетілдірілген центрифугаларының үш каскадының бірінде уранды байытуды бастағанын хабарлады.

 

 

IRNA-ның хабарлауы бойынша, Рейц Атом Қуаты Агенттігінің мүше елдерге берген құпия есебіне сәйкес, Иран уранды 5% тазалыққа дейін байыту үшін 174 центрифуга пайдаланады деп мәлімдеді. Жер асты зауытындағы екі IR-6 каскадының бірі байыту алдындағы күйде болса, екіншісі әлі ядролық материалмен қоректенбеген. Бұл жаңа жағдай Иран мен Батыс тараптарының Иранның ядролық мәселесіне қатысты келіссөздері жүріп жатқан кезде орын алуда.