Иран Президенті Өзбекстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
(last modified Thu, 01 Sep 2022 13:06:41 GMT )
Қыр 01, 2022 19:06 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Өзбекстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Иран Президенті Өзбекстан үкіметі мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Ибрахим Раиси бейсенбі күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевке жолдаған құттықтау хатында: "Иран мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың оң тенденциясын ескере отырып, екі ел басшыларының талпыныстарының арқасында өзара байланыс одан ары дами түседі",-деп үміт білдірді.

Иран Өзбекстанның тәуелсіздігін 1991 жылы 25 желтоқсанда ресми түрде таныды. 1992 жылы 10 мамырда екі елдің саяси-дипломатиялық қатынасы басталды.