Амир Абдуллахиан: АҚХА саяси қатынастан бас тартуы керек
(last modified Thu, 01 Sep 2022 13:31:07 GMT )
Қыр 01, 2022 19:31 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: АҚХА саяси қатынастан бас тартуы керек

Иран Сыртқы істер министрі: "АҚХА саяси қатынастан бас тартуы керек",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен соң Instagram парақшасында: "АҚХА саяси қатынастан бас тартып, тек өзінің техникалық міндетін атқаруы тиіс",-деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі: "Барлық тараптар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайтып оралғаннан кейін АҚХА-нің ИИР-ға қарсы негізсіз айыптаулар мен саяси көзқарастарын қайта қайталуын Иран жағы қабылдай алмайды",-деді.

Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, сұхбаттасқаннан кейін ортақ баспасөз отырысында: "Иран – әлемде бейбіт атом саласында басты ойыншылардың бірі. Сондықтан қауіпсіздік орнату үшін кез келген әріптестікке дайын",-деді.