Иранның Қорғаныс министрі Мәскеуге аттанды
Иранның Қорғаныс министрі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық жыл сайынғы форумға қатысу үшін делегацияны бастап, Ресейдің астанасы Мәскеуге аттанды.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың шақыруымен Мәскеуге сапар шеккен Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан қауіпсіздік жөніндегі халықаралық жыл сайынғы форумға қатысумен қоса, кейбір елдердің қайраткерлерімен өткізетін екі жақты кездесулерде қорғаныстық байланыстарды кеңейту жөнінде де сұхбаттасады.
Лаңкестікпен күрес тақырыбындағы қауіпсіздік жөніндегі халықаралық бесінші форум 500 адамның, соның ішінде 17 Қорғаныс министрі мен Қорғаныс министрліктерінің 14 орынбасары, қарулы күштер бас штабының басшылары және түрлі елдердің мамандарының қатысуымен бейсенбі күні Мәскеуде өтеді.