Украина Запорожье атом электр стансасын басып алуға талпынып жатыр
https://itolqyn.com/news/world-i63696
Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Запорожье АЭС-ін басып алуға талпыныстарының залалсыздандырылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 04, 2022 14:30 Asia/Almaty
  • Украина Запорожье атом электр стансасын басып алуға талпынып жатыр

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Запорожье АЭС-ін басып алуға талпыныстарының залалсыздандырылғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украина теңіз күштерінің 250-ден аса сарбазының Запорожье атом стансасын басып алуға талпынып жатқанын айтып: «Ресей күштері Украина күштерінің шабуылын тікұшақтар және қырғи ұшақтардың шабуылымен тойтарып тастады. Осы шабуыл барысында Украинаның 20 кемесі жойылып, қалғандары шашырай қашты»,-деді.

Наурыз айында Ресей Еуропадағы ең ірі атом стансасы саналатын Запорожье АЭС-ін өз бақылауына алған болатын.