Канани: АҚШ пен Ұлыбританияның Иранға айып тағар себебі жоқ
(last modified Thu, 08 Sep 2022 07:39:09 GMT )
Қыр 08, 2022 13:39 Asia/Almaty
  • Канани: АҚШ пен Ұлыбританияның Иранға айып тағар себебі жоқ

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Албанияға кибер шабуыл жасалғаны туралы уәжді теріске шығарып: «АҚШ пен Ұлыбританияда Иранға мұндай айып тағуға ешқандай себеп жоқ»,-деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы осындай масқара сылтаулармен Иранға қарсы қандай да бір саяси авантюраға барудың қатері жайлы ескертіп, Иранның кез келген ықтималды қастандыққа кесімді, шұғыл әрі өкінтерлік жауап беруге толық дайын екенін айтып: «ИИР – сан рет кибер шабуылға ұшыраған ел ретінде осындай шабуылдарға қарсы күресу үшін жасалып жатқан халықаралық талпыныстардың маңызды бөлігі»,-деді.