Қыр 08, 2022 16:13 Asia/Almaty
  • Беларусьта әскери жаттығу басталды

Беларусь Қорғаныс министрлігі елдің орталығы, батысы және солтүстік-шығысында әскери жаттығудың басталғанын хабарлады.

Беларусь Қорғаныс министрлігі: «Бүгін басталып, 14 қыркүйекке дейін жалғасатын бұл әскери жаттығу ел армиясының шекаралық қақтығыстардағы іс-қимылын пысықтау және оперативтік әрекетін жақсарту үшін өткізіліп отыр»,-деп мәлімдеді.

Беларусь армиясының әскери жаттығуы батыста Польша мен Украинаға жақын Брест қаласында, орталықта ел астанасы Минскте және солтүстік-шығыста Ресей шекарасына жақын Витебск облысында өтіп жатыр.

Беларусь – Мәскеудің жақын одақтастарының бірі. Ол Мәскеумен айрықша саяси-экономикалық  және әскери қарым-қатынасқа ие. Ресейдің Украинамен соғысы барысында Беларусь Ресейді қолдап отыр.  

Тегтер