Қуат көздеріне қатысты дау-дамай: Еуроодақта Ресейден келетін газға шекті баға белгілеуде қайшылық туындады
(last modified Thu, 08 Sep 2022 16:25:13 GMT )
Қыр 08, 2022 22:25 Asia/Almaty
  • Қуат көздеріне қатысты дау-дамай: Еуроодақта Ресейден келетін газға шекті баға белгілеуде қайшылық туындады

Қуат көздеріне қатысты дау-дамай өршіді. Қыс кезінде өзін қуат көздері, әсіресе газбен қамтамасыз ету жөнінде алаңдап отырған Еуропа Ресейден импортталатын газға шекті баға белгілеу арқылы әлі де Мәскеуге қысым жасауға тырысып жатыр. Бірақ бұл мәселе Еуроодаққа мүше елдер арасында келіспеушілік туындауына себеп болды.

Еуроодаққа мүше елдердің Энергетика министрлері ертең, жұма күні төтенше жиналыс өткізіп, энергетикалық дағдарысты шешу жолдарын талқылап, шекті баға белгілеу туралы сөйлеседі. Еуроодақтың кезекті төрағасы Чехия республикасының Өнеркәсіп министрі Йозеф Сикела осы одаққа мүше елдердің Энергетика министрлерінің келіссөздері бағдарламасынан осы жобаны алып тастауды сұрап: "Бұл конструктивті  ұсыныс емес. Еуропадағы энергетика дағдарысы үшін шынайы  шешім жолы емес, шын мәнінде Ресейге санкция салудың тағы бір жолы",-деді.

Еуропа тұтынатын газдың шамамен 40 пайызы мен мұнайдың 30 пайызын Ресейден алатын жағдайда энергетика нарығын бақылауға алуға тырысып жатыр. Соңғы айларда Ресей мен Батыс арасында текетірес күшейгеннен кейін Ресейден Еуропаға газ тасымалы қатты азайып кетті. Еуропа елдері алдағы қыста халықты отынмен қалай қамтамасыз етеміз деп алаңдап отыр. Отын бағасының өсуі, соның салдарынан инфляция мен жұмыссыздықтың артуы Еуропа елдерінде рекордтың деңгейге жетті. Бұған қарамастан, олар Ресейге қысым жасау арқылы өздерінің жауластық саясатын жалғастыруды көздеп отыр. Бұл салада  Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен: "Біз Ресей газына шекті баға ұсынамыз. Осылайша Ресей Президенті Владимир Путин Украинадағы айуандық соғыстың бюджетін қамтамасыз етуге жұмсайтын табыс көлемін азайтамыз",-деді. Ол, сондай-ақ: "Бұл шара Путинның Еуропадаға энергетика нарығын өзгертуге талпынысына тосқауыл болады",-деп уәж айтты.  

Мәскеу бұдан бұрын Вашингтонның шикі мұнай экспортына ұсынған шекті бағаны қолдайтын елдерге санкция салатынын ескерткен жағдайда Урсула фон дер Ляйен осындай уәждер айтып отыр.

Путин осы салада: "Қазіргі жағдайда Ресейді оқшаулау мүмкін емес. Мәскеу өнеркәсіп пен экономика салаларында өз қауіпсіздігін нығайтуды жалғастыра береді",-деді.

Ресей Президенті: "Ресейдің экспорттық газының бағасына шектеу қойылатын болса, бұл ел Еуропаға мұнай мен газ сатуды тоқтатады",-деп сес көрсетті.  

Өткен 12 айда табиғи газдың бағасы Еуропа нарығында 400 пайызға өсті. Еуропа елдері газ бағасының өсуінен қатты зиян көрді. Көптеген кәсіпорындар жұмыстарын жалғастыруға күмәнданып отыр. Көптеген ұсақ шаруашылықтар отын мен электр қуаты бағасының шектен тыс артуына байланысты банкроттық жариялады.   

Әлемдік газ нарықтары жөніндегі сарапшы Алекс Мантас: "Еуропа ұзақ та ауыр сайысқа түскен сияқты. Бұл құрлық өзін жақсарудан бұрын жағдайдың нашарлайтынына дайындап жатыр. Бірақ маңызды сауал мынау: Жағдай қаншалықты нашарлайды?",-деді.

Shell компаниясының директоры Бен ван Борден осы салада: "Ресейден газ тасымалы толық тоқтаған жағдайда Еуропа елдері ұзақ жылдар бойы қуат көздерімен қамтамасыз ету саласында қиыншылық көретін болады. Еуропаны ауыр күндер тосып тұр. Еуропа басшылары саяси-экономикалық тұрғыдан бүкіл құрлыққа әсер ететін шешімдер қабылдауы тиіс",-деді.  

Тегтер