Иран СІМ Америка сотының шешіміне қатаң наразылық танытты
(last modified Tue, 26 Apr 2016 15:33:12 GMT )
Сәу 26, 2016 21:33 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Америка сотының шешіміне қатаң наразылық танытты

Иран ислам республикасының Америка сот мекемелерінің Иран ислам республикасына қарсы шешіміне ресми наразылығы АҚШ үкіметінің мүддесін қорғаушы ретінде Теһрандағы Швейцария елшілігіне жеткізілді.

Иран СІМ- нің Америка департаментінің бас директоры Мұхаммад Кешаварззаде Теһрандағы Швейцария елшісін шақыртып, америкалық азаматтарға өтемақы төлеу жөніндегі АҚШ жоғары сотының қабылдаған шешіміне Иранның ресми наразылығын жеткізіп, оны қос жақты келісім міндеттемелерін, соның ішінде екі елдің 1955 жылғы уағдаластығы мен Американың халықаралық құқықтық міндеттемелері мен сот иммунитеті және Иран ислам республикасы үкіметінің мал- мүлкі мен байлығының кеңістігін әшкере түрде бұзу деп атады.

Иран СІМ- нің Америка департаментінің бас директоры сондай- ақ Нью- Йорк жергілікті сотының 11- ші қыркүйектегі лаңкестік шабуылдарға Иран атсалысты деген айып бойынша шығарған шешіміне тоқталып, Иран ислам республикасының немесе Иран азаматтарының осы оқиғаға атсалысуы негізінде еш айғақ- деректің жоқтығына қарамастан ислам республикасына таңылған негізсіз айыптарға қатаң наразылық білдіріп, осы дау- дамайларды масқара іс және үкіметтердің сот иммунитеті негізінде қабылданған халықаралық құқықтық тәсілдерге қайшы әрекет деп атады.

СІМ- нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуінше, Теһрандағы Швейцария елшісі әрі Ирандағы АҚШ мүддесінің қорғаушысы да Иран ислам республикасының наразылығын АҚШ мемлекеттік департаментіне жедел жеткізіп, нәтижені хабарлайтындықтарын айтқан.