Маранди: Еуропа үштігі Ақ үйдің саясатын ұстанып отыр
(last modified Sun, 11 Sep 2022 13:40:31 GMT )
Қыр 11, 2022 19:40 Asia/Almaty
  • Маранди: Еуропа үштігі Ақ үйдің саясатын ұстанып отыр

Иранның ядролық келісімгерлер командасының кеңесшісі Еуропа үштігінің (Германия, Ұлыбритания және Франция) мәлімдемесіне реакциясында бұл елдерді Ақ үйдің саясатына жақтасушылар деп атады.

Германия, Ұлыбритания және Франция елдері сенбі күні ортақ мәлімдеме жасап: «Иран маңызды дипломатиялық мұрсатты пайдаланбады»,-деп уәж айтты. Олар негізсіз уәждерінде: «Иран өзінің ядролық бағдарламасын кез келген қабылдауға келетін азаматтық негіздеуден тыс тәсілмен дамытуды жалғастырып жатыр»,-деп мәлімдеді.

Мұхаммед Маранди сенбі күні Ливанның al-Mayadeen арнасына берген сұхбатында ИИР-дың ядролық келісімді бұзбағанын және одан шығып кетпегенін айтып: «Германия, Ұлыбритания және Франция елдері Ақ үйдің саясатын қолдап отыр»,-деді.

Маранди: «Еуропа үштігі мен АҚШ Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін жақсы біледі. ИИР өзінің құқығын қорғайтын келісім жасалуын қалайды»,-деді.