Раиси: Иран өз тәжірибесі мен жетістіктерін Қырғызстанмен бөлісуге дайын
(last modified Thu, 15 Sep 2022 13:50:27 GMT )
Қыр 15, 2022 19:50 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран өз тәжірибесі мен жетістіктерін Қырғызстанмен бөлісуге дайын

Иран Президенті: "Теһран үкіметі ғылым мен технология салаларындағы өзінің ауқымды жетістіктерін Қырғызстанмен бөлісіп, осы салада әріптесуге дайын",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуінде Иран мен Қырғызстан халықтарының тарихи және мәдени ортақтықтарына тоқталып, екі елдің экономикалық қатынасының 80 млн долларлық деңгейін өте төмен деп атап, өзара қарым-қатынасты қазіргі деңгейден бірнеше есе арттыру керегін айтты.

Иран Президенті ауыр санкцияларға қарамастан, елдің ғылым мен технология салаларындағы ауқымды  жетістіктерге жеткеніне тоқталып: "Иран мен Қырғызстан екіжақты қатынаспен қоса, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның қатысуымен аймақтық ынтымақтастықты қалыптастыра алады",-деді.   

Садыр Жапаров екі ел арасында транзиттік әріптестікті дамыту керегін айтып, Бандар-Аббас – Орта Азия стратегиялық теміржол желісі құрылысын аяқтауды Иран, Түркіменстан, Өзбекстан мен Қырғызстан арасында экономикалық әріптестікті дамытуда маңызды фактор болатынын айтып, осы жобаны тезірек аяқтауды сұрады.