Боррельдің санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздер туралы уәждері – өз кінәсін өзгеге жабуға тырысу
(last modified Thu, 15 Sep 2022 14:41:59 GMT )
Қыр 15, 2022 20:41 Asia/Almaty
  • Боррельдің санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздер туралы уәждері – өз кінәсін өзгеге жабуға тырысу

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайта оралу үшін өтіп жатқан келіссөздер тығырыққа тірелді",-деп уәж айтты.

Боррель France Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осындай уәж айтып: "Өкінішке қарай, АҚШ-тағы саяси жағдайға байланысты және көптеген мәселе әлі шешімін таппаған соң біз тығырыққа тіреліп отырмыз",-деді.  

Боррель бұдан бұрын баспасөз отырысында: "Иранның ядролық келісіміне қатысты келіссөздер көзқарастарды жақындастырудың орнына бір-бірінен алшақтатып жатыр",-деді. Ол: "Ұстанымдар жақындай түскен жоқ, керісінше алшақтап кетті. Бұл – алаңдаушылық тудыратын жағдай. Өйткені жалпы келісімге қатер төнуі мүмкін",-деді.

АҚШ пен Иран соңғы апталарда Еуроодақтың ядролық келісімді қайта жандандыру үшін ұсынған мәтініне қатысты бір-бірінің жауаптарын талқылап жатыр. Боррельдің айтуынша, бұл – "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру туралы келісімге жету үшін берілген соңғы ұсыныс және мәтіннің соңғы алғынұсқасы.

Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерді орындау үшін берген өзінің заңды да қисынды талаптарының АҚШ тарапынан қабылдануы керегін ашық түрде айтты. Батыс елдері, әсіресе АҚШ келіссөздер нәтиже беріп, ядролық келісімге қайту үшін конструктивті ұстаным білдірудің орнына саботаж жасап отыр. Осындай жағдайда Боррель келіссөздердің тығырыққа тірелгені жайлы уәж айтты.

Мұнымен қоса, батыстықтар, соның ішінде Еуропа үштігі мен АҚШ қарсы тараптың ризалығын алатын оңды қадамдар жасаудың орнына Иранға қысымды арттыру үшін деструктивті іс-әрекеттерді күн тәртібіне қойып отыр. Осы саладағы жаңа шара АҚХА-нің мәлімдемесі болды. АҚХА-ның сәрсенбі күнгі жиналысында 56 ел, соның ішінде осы ұйымның басқарма кеңесіне мүше 23 ел Иранға қарсы мәлімдеме жасап, Теһранды БҰҰ-ның ядролық бақылаушысы саналатын органымен әріптестік жасамайды деп айыптады. Бұл мәлімдеме АҚШ пен  Еуропа үштігі тарапынан ұсынылған болатын. Онда Иран АҚХА-мен қорғаныс саласында әріптестік жасамайды деп айыпталған. Иранға қарсы мәлімдеме оқылғанымен АҚХА басқарма кеңесінің Иранның ядролық бағдарламасы туралы жиналысы қарар қабылдаусыз аяқталды.