Иран Шанхай ұйымының ресми мүшесі болды
https://itolqyn.com/news/world-i64028-Иран_Шанхай_ұйымының_ресми_мүшесі_болды
Өзбекстанда өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің 22-ші саммитінде ИИР-ның осы ұйымға ресми мүшелігі жарияланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 16, 2022 17:39 Asia/Almaty
  •  Иран Шанхай ұйымының ресми мүшесі болды

Өзбекстанда өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің 22-ші саммитінде ИИР-ның осы ұйымға ресми мүшелігі жарияланды.

16 қыркүйек, жұма күні Өзбекстанның ұйымдастыруымен Самарқанд қаласында өтіп жатқан ШЫҰ-на мүше елдердің 22-ші саммитінде Өзбекстан президенті Иранның Шанхай ұйымына толық мүшелігін ресми түрде жариялады және жиналғандар қошемет көрсетті.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің 22-ші саммиті бүгін жұма күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында ИИР президенті Ибрахим Раиси мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтың қатысуымен басталды. ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің саммиті жыл сайын көпжақты ынтымақтастық стратегиясы мен дамудың басым бағыттарына, маңызды мәселелерді шешуге және мүше елдердің экономикалық және саяси ынтымақтастығын нығайтуға бағытталып өтеді.