Қыр 17, 2022 20:30 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан мәдени байланыстарды дамыту үшін бір-бірінің әлеуеттерімен танысуы керек

Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Иран мен Қазақстан қарым-қатынасының тарихы терең екенін айтып: "Мәдени байланыстарды дамыту үшін Иран мен Қазақстан бір-бірінің әлеуеттерімен тереңірек танысуы керек",-деді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында 60 елдің 130 саяси, діни және мәдени делегациясының қатысуымен жұма, 16 қыркүйекте қорытынды мәлімдеме жасаумен аяқталды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Мехди Иманипур Қазақстанға сапарында жоспарланған бағдарламасының жалғасында осы елдің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлімен кездесіп, сөйлесті.

Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің сәтті өткеніне тоқталып: "Екі ел мәдени байланыстарын дамытуға қажетті көп мүмкіндік пен әлеуеттерге ие",-деді.

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Иран мен Қазақстан қарым-қатынасына отыз жыл толғанына тоқталып: "Екі елдің дипломатиялық қатынасы 30 жыл бұрын басталса да, мәдени байланыстар ғасырлар бойы жалғасып келеді",-деді.

Тегтер