Обама Путинді Еуропаның бірлігін әлсіретіп отыр деп айыптады
(last modified Wed, 27 Apr 2016 10:34:13 GMT )
Сәу 27, 2016 16:34 Asia/Almaty
  • Обама Путинді Еуропаның бірлігін әлсіретіп отыр деп айыптады

АҚШ Президенті "Ресей Президенті Еуропалық Одаққа соққы беруге тырысуда, өйткені Еуропаның бірлігін қоқан-лоққы деп санайды" деген уәж айтты.

Обаманың айтуы бойынша, Еуропадағы мигранттардың мәселесі АҚШ үшін де проблема болып табылады. Бірақ Путин сынды кейбір басшылардың Еуропаның бірлігін ыдырату талпынысы одан да маңызды түйткіл саналады. Обама: «НАТО мен Еуроодақ және Еуропаның бірлігі Ресейге қарсы қоқан-лоққы емес. Біртұтас Еуропа күш-қуатты Ресеймен ынтымақтастық жасай алады. Бірақ Путин бұл салада сенімділік танытпай отыр»,- деді. Обама Еуропа басшыларынан экономикалық дағдарыс пен лаңкестіктің қоқан-лоққылары артқан жағдайда өздерінің бірліктерін күшейтуді талап етті.

Обаманың Путинды сынауының мақсаты Еуропа басшыларын Ресеймен, әсіресе санкциялар саласында қатаң шара қолдануға итермелеу болып табылады. Ресей мен Еуроодақ арасындағы қайшылықтарды күшейткен Украина дағдарысының басталуынан бері екі жақты қарым-қатынастар әлсіреп, Ресей мен еуропалық серіктестері арасындағы сауда айналымның деңгейі төмендеп, еуропалықтар Ресейдегі инвестицияларын шығаруға асықты.

Осындай жағдайда шын мәнінде Обама айтқандай Владимир Путин Еуроодақтың жіктелуінің себепкері ма, әлде бұл құбылыс басқа мәселелерге қатысты ма деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабы ретінде Еуроодақтың ішкі қайшылықтары мен әртүрлі мәселелері осы Одақта сызаттың пайда болуына себеп болды деп айтуға болады. Еуроодақтың басшылары Одақтың ыдырау ықтималы туралы ескерту жасауда. Обаманың Ресей Еуроодақтың бірлігін әлсіретеді деген уәждері осы уақытқа дейін ешбір еуропалық басшының аузынан естілген жоқ. Обаманың уәжі Ресейдің соңғы кездері голландиялық азаматтарды Украина мен Еуроодақтың сауда және саяси ынтымақтастық келісіміне теріс дауыс беруге итермелеуіне байланысты болар.

Қазіргі кезде Еуроодақ мигранттар дағдарысы, еуропалық мемлекеттердің қаржы және экономикалық дағдарысы, Ұлыбритания сынды кейбір елдердің Еуроодақтан алыстауы, Еуроодаққа мүше елдердің шекаралары мен егемендігі сынды мәселелермен бетпе-бет келуде. Сонымен бірге Еуропаның батысындағы бай мүшелері мен шығысындағы кедей мүшелерімен кейбір елдер басшыларының арасында қайшылықтар тудырды. Соңғы кезде Польша Президенті Еуроодақтың бұл елді сынауын теріске шығарып, Одақты өзінің шығыс мүшелерімен тиісті деңгейде қатынас жасамайтындығына байланысты айыптады. Қалай болғанда да мигранттар дағарысы арта түсіп, олармен қатынас орнату тәсілдері туралы қайшылықтар пайда болуда. Шенген келісімінің әлсіреуі және соған қарсы әрекеттер Еуроодақ бірлігінің құлдырауын көрсетеді.