Раиси: БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеу – ИИР-дың көзқарасын баяндауға берілген мұрсат
(last modified Mon, 19 Sep 2022 13:52:59 GMT )
Қыр 19, 2022 19:52 Asia/Almaty

Иран Президенті БҰҰ Бас ассамблеясында болуды ИИР-дың көзқарасы мен ұстанымын түсіндіру нышанының көрінісі деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні таңертең Нью-Йоркке сапар алдында тілшілерге берген сұхбатында: "БҰҰ Бас хатшысының шақыруымен осы ұйым Бас ассамблеясының 77-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барамын",-деді.

Раиси ИИР-дың идеялары мен теорияларын, аймақтық мәселелерге қатысты ұстанымдарын түсіндіруге болатынын, осындай мұрсаттарды елдің ұстанымдарын баяндау үшін пайдалану керегін айтып: "Нью-Йоркке бес күндік сапарда АҚШ басшыларымен кездеспеймін",-деді.

Раиси: "Осындай мұрсаттарды ИИР ұстанымдарын түсіндіру және Иран халқына және басқа да халықтарға қарсы жасалған зұлымдықтарды баяндау үшін пайдалануымыз керек",-деді.