Раиси CBS-ке берген сұхбатында: Кепілсіз келісім жасауда мән жоқ
ИИР Президенті: "Америкалықтардың уағда бұзушылығына байланысты Иран үшін кепілсіз келісімде еш мән жоқ",-деді.
Ибрахим Раиси АҚШ-тың CBS арнасының "60 минут" атты бағдарламасына берген сұхбатында: "Иран жақсы әрі ынсапты келісімге қол жеткізуді қалайды. Бірақ келісім АҚШ одан шыға алмайтындай кепілдендірілуі керек",-деді.
Раиси: "Америкалықтар уағда бұзды. Қарсы тарап міндеттемесіне берік болмаса, келісім жасауда мән жоқ",-деді.
Иран Президенті: "Иран АҚШ-қа сене алмайды. Өйткені бұрын мұндай жағдайды бастан өткерді",-деді.
Раиси Иранның атом қуатын бейбіт мақсатта пайдаланатынын айтып: "Атом қуаты медицина, ауыл шаруашылығы, мұнай мен газ салаларында пайдаланылады",-деді.
Иранның атқарушы билігінің басшысы Батыстың Иранға таңған атом бомбасын жасау туралы уәждеріне қатысты: "Бұл жөнінде сан рет жауап берілді. Бұл уәждер негізсіз. Иран үкіметі ел доктринасында атом бомбасын жасауға орын жоқ екенін сан мәрте жариялады",-деді.