Раиси: Отбасына, әділдікке, руханиятқа мән бермейінше білім берудегі өзгерістер мүмкін емес
https://itolqyn.com/news/world-i64116-Раиси_Отбасына_әділдікке_руханиятқа_мән_бермейінше_білім_берудегі_өзгерістер_мүмкін_емес
ИИР Президенті: «Иран өзінің білім мен тәрбиенің түбегейлі өзгеріс-2030 құжатын ирандық-исламдық білім философиясына сүйеніп, бір өлшемді зайырлы көзқарастарға сүйенбей жасады»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 20, 2022 14:12 Asia/Almaty
  • Раиси: Отбасына, әділдікке, руханиятқа мән бермейінше білім берудегі өзгерістер мүмкін емес

ИИР Президенті: «Иран өзінің білім мен тәрбиенің түбегейлі өзгеріс-2030 құжатын ирандық-исламдық білім философиясына сүйеніп, бір өлшемді зайырлы көзқарастарға сүйенбей жасады»,- деді.

БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанған Раиси ЮНЕСКО ұйымдастырған білім беруді өзгерту жөніндегі отырыста: «Үстемдік мәдениеті өзі пайдасын басқа елдерді артта ұстап тұру деп біліп, әділетсіз дүниежүзілік жүйе құрып, халықаралық ұйымдарға қиянат жасап, өзінің интеллектуалдық-мәдени жүйелерін дамыта отырып, басқа елдердің өсіп-өркендеуіне кедергі келтірді»,- деп мәлімдеді. Иран   Президенті білім берудегі қиындықтармен бетпе-бет келу үшін оның түпкі себептерін зерттеу қажеттілігіне тоқталып: «ИИР алға ілгерлеу, білім, отбасы, әділет және руханиятты бөлек қарастыруға болмайды деп санайды»,- деп баса айтты. Раиси білімді тұтқындау мен мәдени үстемдікті  қысым мен әділетсіздіктің ең сорақы түрі екеніне назар аудартып, былай деді: «Үстемдік мәдениеті өзі пайдасын басқа елдерді артта ұстап тұру деп біліп, әділетсіз дүниежүзілік жүйе құрып, халықаралық ұйымдарға қиянат жасап, өзінің интеллектуалдық-мәдени жүйелерін дамыта отырып, басқа елдердің өсіп-өркендеуіне кедергі келтірді».