Қыр 20, 2022 19:46 Asia/Almaty
  • Санкциялар, терроризм және соғыс пен қантөгіс – біржақтылықтың нәтижесі

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші саммитіне қатысу үшін жоғары мәртебелі делегацияның басында Нью-Йоркке келген ИИР Президенті Ибрахим Раиси журналистердің алдында сапарының бағдарламаларына тоқталды.

Раиси БҰҰ-ның күшті мемлекеттің ұйымы болмауы қажеттілігін, сондай-ақ санкциялар, терроризм,  соғыс пен қантөгістің біржақтылықтың нәтижесі екенін қуаттады. Қазіргі дәуірде АҚШ өкілі болып отырған біржақтылық мәселесі әрқашан АҚШ-тың саясаты мен әрекеттеріне қарсылық білдіретін және сынайтын елдер тарапынан сынға ұшырады.

АҚШ соңғы жиырма жылдағы өзінің біржақты саясатының аясында аймақтық соғыстарды бастап, атап айтқанда Ирак пен Ауғанстанды басып алумен қоса Сирияның заңды үкіметін құлату мақсатында лаңкестік топтардың мүддесі бұл елге араласып, Батыс Азиядағы тұрақсыздық пен қауіпсіздікке, сондай-ақ терроризмнің таралуына негіз болды. Иран президентінің айтуынша, лаңкестік пен лаңкес қозғалыстарды қолдау әлемдегі көптеген босқыншылыққа себеп болды.

Вашингтон, әсіресе Дональд Трамптың президенттігі кезінде біржақтылық көзқарасын едәуір кеңейтті. Вашингтон АҚШ-тың Қытай сияқты бәсекелестерімен ғана емес, еуропалық серіктестерімен де саяси және коммерциялық текетірес алаңына шықты. Осылайша ол трансатлантикалық жақынлауды Атлант мұхитының екі жағы арасындағы барған сайын алшақтыққа айналдырды. Джо Байденнің президенттігі кезінде де АҚШ біржақты көзқарасынан бас тартқан жоқ және оны жалғастыруды талап етуде. Мысал ретінде Вашингтонның Украинадағы соғысты сылтауратып Ресейге қарсы әрекеттерінде Батыс блогының басшылығына баса назар аударуын келтіруге болады.

АҚШ-тың біржақтылығы аясында көтерілген мәселе – басқа елдерге біржақты, заңсыз және қысымшылық санкциялар енгізу. АҚШ әлемдегі ең үлкен эмбарго жасайтын ел болып саналады және өзінің сыртқы саяси мақсаттарына сәйкес басқа елдерге қарсы санкциялардың барлық түрлерін қолданудың ең көп тарихы бар. Раиси: «Санкция мәселесі ұлы державалардың халықтарға қысым көрсету үшін қолданатын тактикасы және басқа елдерде оларға қарсы ұқсас әрекеттенеді.  Бұл істің нәтижесі – бейбітшілік пен қауіпсіздікке қайшы келеді және оның салдарынан халықтар зардап шегеді»,- деді.

БҰҰ АҚШ-тың, әсіресе COVID-19 пандемиясы  кезінде біржақты санкциялар енгізуін бірнеше рет сынға алды. БҰҰ санкцияға ұшыраған елдердің маңызды медициналық және фармацевтикалық заттарға қол жеткізуін жеңілдету үшін қысымның күшін жоюды немесе азайтуды сұрады. Біржақты әрекеттердің теріс салдары жөніндегі БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Елена Доханның айтуынша, біржақты санкциялар БҰҰ-ның беделін әлсіретіп, халықаралық ынтымақтастық пен заң үстемдігі саласындағы қорқынышты тудырады.

Вашингтон  жаһандық қысымға көңіл бөліп,  біржақты санкциялары туралы ұстанымын қайта қарастыруы үшін санкция салынған елдердің бұл санкцияларға қарсы халықаралық коалиция құру қажет.

   

 

 

 

 

 

 .

 

Тегтер