Иран Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі
ИИР Президенті Иранның АҚШ-тың аймақтағы күш көрсету және араласу саясаттарына қарсы ұстанымына сілтеме жасап: «Иран АҚШ-тың бұрынғы президентінің шәһид сардар Қасем Солейманиді өлтіру қылмысын әділ сот арқылы қарастыруды қолға алады»,- деді.
ИИР Президенті Ибрахим Раиси сәрсенбі күні БҰҰБас Ассамблеясының 77-ші жыл сайынғы сессиясында илаһи сыйлық ретінде әділетті орнатуға ұмтылу әр адамның болмысында екенін баса айтып: «Иран әділеттің жаһандануын қолдайды, өйткені әділдік біріктіруші, ал зұлымдық соғыс тудырушы»,- деп қуаттады. Раиси ИИР-ның адамзаттың ортақ тағдырына сенетініне тоқталып, ол былай деді: «Әділдік талап етіп, бірақ лаңкестерді қолдайтын ел адамзаттан, азаттық пен әділдіктен ұялуы керек. Құдыретті державалар адам құқығынан жоғары, халықтардың құқықтарын оңай таптайды»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» күштерінің бұрынғы қолбасшысы, шәһид генерал-лейтенант Қасем Солейманидің суретін көрсетіп, БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына қатысқандарға: «АҚШ-тың бұрынғы президентінің қылмысын әділ сот тергеуі – адамзатқа қызмет»,- деді.
Раиси Иранның ғылыми, экономикалық және технологиялық жетістіктеріне тоқталып, бүгінде әлемге күшті Иран қажет екенін қуаттап: «Ескі дүние, біржақтылық, үстемдік, адамгершілік пен ізгілікке мән бермеу, кедейлік пен кемсітушілік, тәуелсіз елдерде зорлық-зомбылық пен халықаралық ұйымдарды қысым жасау құралы ретінде пайдалану әділетсіз тәртіптің өзінің заңдылығын жоғалтуын көрсетеді»,- деп айтты.Иран Ислам Республикасының Президенті: «Саяси моральдың нашарлауы және біржақтылықтың заңсыз әрекеттерінің патологиялық өсуі адамның кемелдік жолында үлкен қиындықтар туғызды. Жаңа жаһандық қауіптермен күресу үшін илаһи пайғамбарлардан шыққан қағидаларға негізделген көпжақтылық шеңберіндегі ынтымақтастықтан басқа амал жоқ»,- деді.
Иран Ислам Республикасының Президенті: «Саяси моральдың нашарлауы және біржақтылықтың заңсыз әрекеттерінің патологиялық өсуі адамның кемелдік жолында үлкен қиындықтар туғызды. Жаңа жаһандық қауіптермен күресу үшін илаһи пайғамбарлардан шыққан қағидаларға негізделген көпжақтылық шеңберіндегі ынтымақтастықтан басқа амал жоқ»,- деді. Ол Ислам республикасының қысымға негізделген қарым-қатынасқа жол бермейтінін және өз ұлтының құқығын жақтайтынына тоқталып: «Әділдікке негізделген ақыл күшті және жүректерді билейді. Логикасы жоқ ел басқыншылыққа, әскери араласуға және басқа да көптеген қиянатқа барады. Билеп-төстеу мен қырғи-қабақ соғыс рухы әлемді алаңдатып, толқулардың жаңа дәуіріне әлемге қауіп төндіреді. Сондықтан әлем халықтарының әділдікті жүзеге асыруға деген ұмтылысы артты. Қарсыласу доктринасының нәтижесі – халықтардың әділдікті жүзеге асыруға бел байлауының айқын көрінісі. Бірақ басқа жағынан, біржақтылық елдерді өздерінің тура жолынан қайтаруға тырысады. Америкалықтар елдердің аяққа тұруына мүмкіндік бермейді және бұл елдің достарының өзі жақсы жағдайда емес. Бүгінгі Еуропада болып жатқан оқиғалар Азияда өткен онжылдықтардағы оқиғалардың айнасы»,- деді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Бас Ассамблеясы 2022 жылғы 20-26 қыркүйек аралығында осы халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нью-Йорк штатының Манхэттен қаласында өтеді. БҰҰ-ның Бас ассамблеясының биылғы сессиясы әлем басшылары мен қатысуымен 2019 жылы COVID-19 пандемиясынан бері алғаш рет өткізілді. Бұл әлемдегі ең үлкен дипломатиялық жиын.